Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде жеті гол өткізіп алды

Сурет: ҚФФ

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатына еуропалық іріктеудің шешуші турындағы бірінші матчте Португалиядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Назаре қаласында өткен кездесу 7:3 есебімен португалиялықтардың пайдасына аяқталды. Қазақстандық команда сапынан Игорь Демешко (дубль) және Дмитрий Перевертов гол салды.

Қазақстан – Португалия 3:7

Голдар: Демешко (2), Перевертов – Коимбра (3), Бе Мартинш, Вон, Лео Мартинш, Брильханте

Қазақстан топтағы келесі ойынды 22-маусым Украинамен өткізеді.

Метки: