Жаға жыртысты. Кавани матч кезінде Мессиді төбелесуге шақырған

© EFE
Уругвай құрамасының шабуылшысы Эдинсон Кавани ұлтты құрамалардың жолдастық кездесуінде аргентиналық форвард Лионель Мессимен жанжалдасып қалды.

Бірінші таймда уругвайлық Матиаса Весино ережені дөрекі түрде бұзды, бұған ашуланған Месси дәл осы Каваниге ызасын айтқан. Уругвайлық та басынан сөз асырмады. Үдей түскен жанжалды жан-жағынан келген футболшылар тоқтатып қалды. 




Үзіліске шығып бара жатып, Кавани "Барселона" форвардын төбелесуге шақырған, Месси бұған келіскен.




Екі футболшы трибуна астындағы бөлмеде жаға ұстасып қалған, алайда, Мессидің "Барселонадағы" уругвайлық әріптесі Луис Суарес төбелесті тоқтатып қалған екен.