Израиль құрамасының қақпашысы ұлттар лигасында күлкілі гол өткізіп алды

Сурет: uefa.com©
Футболдан Израиль құрамасы Ұлттар лигасының үшінші туры аясында өз алаңында Чехия командасымен ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хайфада өтен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Матчтегі бірінші гол өте күлкілі болды. 14-ші минутта алаң иелерінің қорғаушысы Абу Ханна допты қақпашыға кері қайтарады, алайда, Офир Марциано баяу домалап келе жатқан допты ұстай алмай қалады.  

48-ші минутта алаң қонақтары Матей Выдраның орындауында екінші гол салады. Ал алаң иелерінен тек 56-шы минутта ғана Эран Захави гол соға алды.