Иван Перишич "Туринге" ауысады"

©vbetnews

Хорватиялық жартылай қорғаушы Иван Перишич "Тоттенхэм Хотспур" командасына ауысады. Бұл туралы The Independent басылымы мәлімдеді.

Басылым хабарынша, 33 жастағы ойыншы лондондық клубпен екі жылдық келісімшарт жасасқан. Әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне "Ювентус" пен "Челси" тарапынан да қызығушылықтың болғанын айта кеткен жөн.

Перишич "Тоттенхэмге" ауысқан жағдайда жылына 6 миллион еуро табыс табады.

Еске салайық, Перишич "Интер" сапында 2015 жылдан бері үзідксіз доп теуіп келеді. Өткен жылы барлық жарысты қоса алғанда 49 ойында алаңға шықты, 10 гол салып тоғыз рет нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар