Италияның топ клубы Қазақстан құрамасы ойыншысына көз тікті

©ЦСКА

"Атланта" клубы қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытуда. Бергамолық команданың скауты ойыншыны бақылап жүрген көрінеді. Бұл туралы италиялық журналист Николо Скира хабарлады. 

Сонымен қоса, мәскеулік ЦСКА өз ойыншысы үшін бес-алты миллион еуро сұрап отырғаны да белгілі болды. 

24 жастағы Зайнутдинов мәскеулік командада 2020 жылдан ойнап келеді. РПЛ-дің биылғы маусымында ол 13 матчке қатысты. Ресейде Бахтиер "Ростов" үшін, ал Қазақстанда "Тараз" бен "Астанада" өнер көрсеткен.

Айта кетейік, 12 матчте 27 ұпай жинаған "Аталанта" Италия чемпионатының турнир кестесінде екінші келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport