Италияның жоғары дивизионындағы клуб қазақстандық футболшыға көз тігіп отыр

Сурет: ЦСКА ФК

Футболдан Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов италиялық "Аталанта" сапына ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды Sport24.

А сериясында өнер көрсететін клуб жазғы трансфер кезеңіндегі сол қапталдағы латераль позициясын күшейтпек. Клуб қызығушылық танытқан ойыншылар қатарында Зайнутдинов те бар. 

 Еске салайық, Зайнутдинов 2018 жылы "Астана" сапында Қазақстан чемпионы атанып, кейін ресейлік "Ростов" сапына ауысқан. Ал былтыр тамызда ЦСКА футболшыны 2 миллион еуроға сатып алған еді.