Италиялық команда Андрей Шевченко жетекшілігімен бірінші ойында ұтылды
©UA-Football
Италия чемпионатының 13-турында "Дженоа" футболшылары "Ромадан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Италия чемпионатының 13-турында "Дженоа" футболшылары "Ромадан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Генуядағы "Луиджи Феррарис" садионында өткен кездесу 2:0 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. Бұл ойында Феликс Афена-Гьян (82 және 90+4-минут) дубль жасады.
Бұл матч Андрей Шевченко үшін "Дженоа" бас бапкері ретіндегі алғашқы ойын болды. Ол команданы 7 қарашада жаттықтыра бастады. Оған дейін маман Украина құрамасының бапкері болған.
Бұл ойыннан кейін "Дженоа" тоғыз ұпаймен турнир кестесінде 18-ші, ал "Рома" 22 баллмен бесінші келеді.
Жарнама