Футбол
5 қазан 2021 16:55

Италиялық бапкер Клаудио Раньери Англияға қайта оралды

©

Танымал италиялық маман Клаудио Раньери "Уотфордтың" бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Раньери мен англиялық клуб арасындағы келісім-шарт екі жылға есептелген.

Команданы бұған дейін Хиско деген атпен танымал Франсиско Хавьер Муньос Ломпарта жаттықтырған еді. Ол 4 қазан күні нашар нәтиже көрсетуіне байланысты қызметінен кетті.

Раньери 2020/2021 жылғы маусымда "Сампдорияны" баптаған болатын. Клаудио бұған дейін Англияда "Челси" мен "Лестердің" бас бапкері болып жұмыс істеді және 2015/2016 жылғы маусымда "түлкілермен" бірге чемпионатта топ жарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport