1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
6 қаңтар 13:55
 

Италияда Зиданның жаңа қызметіне қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Италияда Зиданның жаңа қызметіне қатысты мәлімдеме жасады ©depositphotos.com/photoworksmedia

Итальялық инсайдер Фабрицио Романо франциялық маман Зинедин Зиданның англиялық "Манчестер Юнайтед" клубына тағайындалуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Utddistrict басылымына сілтеме жасап.

blog.share

Итальялық инсайдер Фабрицио Романо франциялық маман Зинедин Зиданның англиялық "Манчестер Юнайтед" клубына тағайындалуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Utddistrict басылымына сілтеме жасап.

Аморимнің қызметтен кетуінен кейінгі қаңқу сөздер

Бұған дейін "қызыл сойқандар" клубы португалиялық бапкер Рубен Амориммен қоштасқанын ресми түрде жариялаған еді. Осыдан кейін ағылшын БАҚ-тарында клуб басшылығы оның орнына Зинедин Зиданды қарастырып жатыр деген ақпараттар тарай бастады.

Алайда Романоның айтуынша, Манчестерге есеімі жиі аталып жүрген маман бұл клубқа мүлде бармайтыны айдан анық.

Романо Зиданның тағайындалуын жоққа шығарды

Танымал журналист "Манчестер Юнайтед" пен Зидан арасында қандай да бір келіссөздер жүріп жатқаны туралы мәліметі жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар франциялық маманның болашаққа байланысты өз жоспары барын айтты.

Фабрицио Романоның сөзінше, Зинедин Зидан мен Франция футбол федерациясы арасында ауызша келісім бар. Соған сәйкес, ол 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін ұлттық құраманы қабылдап алып, Дидье Дешамның орнын басады.

"Ағылшын медиасында Зиданның кандидатурасы туралы қауесеттерді көрдім. Зинедин Зиданды үнемі “Манчестер Юнайтедпен” байланыстырады. Бірақ мен Зидан туралы үнемі айтып жүргенімді естеріңізге саламын. Оның Франция құрамасының бас бапкері болу жөнінде ауызша келісімі бар. Ол әлем чемпионатынан кейін Дидье Дешамның орнын басуы тиіс. Сондықтан қазіргі уақытта Зиданмен нақты келіссөздер туралы ештеңе білмеймін", - деді Романо өзінің YouTube-арнасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!