Италияда Зайнутдиновтің "Аталантаға" ауысу туралы сыбысқа пікір білдірді

©instagram.com/bateka_11

Италиялық La Gazzetta dello Sport басылымы мәскеулік ЦСКА сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтің "Аталанта" командасына ауысады деген сыбысқа пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Аталанта" командадан Ханс Хатебур кеткен жағдайда оның орнын басатын вингер іздейді. Үміткерлердің қатарында Зайнутдинов те бар. ЦСКА командасы қазақстандық футболшыны 4 миллион еуроға жіберуге дайын", - деп жазады газет. 

24 жастағы Зайнутдинов ЦСКА сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол биыл Ресей біріншілігінде 15 ойынға қатысты. 

Ал "Аталанта" Италияның А сериясында 27 ұпай жинап, алтыншы орында келе жатыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар