"Италияда ойнай алады". Ресейдің көптеген командасы Исламханға айлық төлеуге шамасы келмейтіні айтылды

Сурет: "Аль-Айн" ФК
Белгілі агент Дмитрий Селюк Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның Италия мен Ресей чемпионатындағы болашағына қатысты ойын айтты. 

"Исламхан Италияда ойнай алады деп сенемін, өйткені, олар ойыншыларды жиі алып, оларды жалға беріп отырады, ары-бері айналдырады. Исламхан - техникасы бар, жақсы футболшы. Келесі маусымдағы жаңа лимитті есепке алсақ, Ресейде де ойнай алады. Бар қиындық айлығы жоғары боғаныдығында, мұндай ақшаны РПЛ-де 3-4 клуб қана төлей алады, бірақ, Бауыржан ол командаларды күшейте алады деп ойламаймын. Сол баяғы "Зенитті" де күшейтпес, өйткені, олар Ресей чемпионаты емес, Чемпиондар лигасын көздеп отыр. Ал "Зенитке" қосалқы ойыншы ретінде, мүмкін. "Рубин"? ол да жақсы вариант, оларға көтерілу керек, сондықтан, күшейту үшін онда бара алады", - дейді Селюк. 

Исламхан қазіргі кезде "Аль-Айн" сапында, футболшының БАӘ клубымен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Мұның алдында қазақстандықтың агенті Марат Арчегов футболшыға Ресей мен Италияның А сериясынан қызығушылық барын айтқан. 

Еске салайық, қыста Исламхан "Зениттің" бақылау матчтеріне қатысқан, алайда, іс келісімшартқа дейін жетпеді. 
Жаңалықтар