Италияда қарсыласын 27:0 есебімен ұтқан команданың бапкерін орнынан босатты

Сурет: prm.ua
Италияда "Инвиктасауро" жастар командасының бапкері Массимилиано Риччиниді "Марина Кальчо" командасын 27:0 есебімен ұтқандықтан орнынан босатты, - деп хабарлайды Football Italia.

Мұндай шешім команда қарсыласын сыйламады дегенге сүйенді. Жеңімпаз болған "Инвиктасауро" президенті Паоло Брогелли клуб жас футболшыларды жаттықтырып қана қоймай, оларды тәрбиелеу керектігін айтады. 

Give Me Sport басылымы "Марина Кальчо" жарақатына байланысты нақты бір қақпашысыз ойнағанын жазды. "Инвиктасауро" командасының екі футболшысы алты, біреуі жетігол салған екен және ары қарай.
Жаңалықтар