Футбол
27 сәуір 2020 10:05

Италияда футболшыларға сыртта жаттығуға рұқсат етілді

Сурет: Football.ua
Италияда карантин ресми түрде жеңілдетілді. Енді 4 мамырдан бастап футболшыларға жеке, ал он сегізінен бастап командалық жаттығулар рұқсат етілді. Бұл туралы елдің премьер-минстрі Джузеппе Конте мәлімдеді.

"4 мымырдан бастап таза ауада, саябақтарда 2 метрден аса алшақ жүріп жаттығуға рұқсат. Жекелей спорт түрлерімен айналысатындарға да спорттық орталықтарда қашықтық сақтай отырып жаттыға алады.

Кәсіби футбол клубтар мен басқа да командалық спорт түрлері 18 мамырдан бастап.

Чемпионатты жалғастыруға байланысты - алдағы күндері спорт минстрі Винченцо Спадафоромен талқылаймыз. Бәріміз жанкүйерміз, бірақ, қарамағымыздағылардың денсаулығын сақтауымыз қажет", - деп келтіреді Контенің сөзін La Gazzetta dello Sport.