Италияда футболшыларды айлықсыз қалдырмақ

Златан Ибрагимович және Диего Годин. Сурет: AFP
Италияның А және В серияының клубтары коронавирус пандемиясына байланысты маусымның тоқтатылуынан келетін шығынды футболшыларға еңбекақы төлемеу арқылы азайтпақ. Бұл туралы журналист Николо Скира "Твиттер" желісінде мәлімдеді. 

Ал Италияның футболшылар кәсіподағы бұған қарсы шығып, үзіліс кезінде еңбекақының толық төленуін талап етуде.

Әзірге Италия чемпионаты қашан жанжанатыны белгісіз. Мұның алдында футболшылар кәсіподағының президенті Дамиано Томмази үзіліс мамырға дейін болады деген пікір айтқан еді. 
Жаңалықтар