Роберто Манчини "Манчестер Юнайтедті" жаттықтырудан бас тартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі Bild журналисі Кристиан Фальктың ақпаратына сілтеме жасап.
"Манкуниандықтар" италиялық маманға хабарласқан. Алайда Манчини Италия құрамасымен бірге ӘЧ-2022 іріктеу ойындарында командасына көмектесетінін жеткізген. "Манчестер Юнайтед" басшылығы Зинедин Зиданға да бас бапкер міндетін ұсынған еді. Дегенмен француз маманы Англияда жұмыс істеуден бас тартты.