Италия құрамасының бас бапкері ағылшындық команданың тізгінін ұстауы мүмкін
Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчини мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.
Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчини мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.
Дереккөздің мәліметінше, италиялық маман Антонио Контенің орнына "Тоттенхэм Хотспурды" жаттықтыруы мүмкін. Сондай-ақ, лондондық клуб "Брайтон" менеджері Грэм Поттерге қызығушылық танытуда.
Конте маусым соңында "Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Маурисио Почеттиноны алмастыруы мүмкін. Италиялық маман париждік клубқа өз талаптарын қойып, алғысы келетін жалақы мөлшерін айтқан.
Еске салайық, Манчини бұған дейін де Премьер-лигада жұмыс істеген. Нақтырақ айтсақ, ол 2009-2013 жылдар аралығында маман "Манчестер Ситиді" баптады.
Жарнама