Италия құрамасына керекпін деп ойламаймын - "Реал" бапкері

©championat

Карло Анчелотти жуырда Италия құрамасының тізгінін ұстауға қаншалықты дайын деген сауалға жауап берді.

"Италия құрамасымен жұмыс дейсіз бе? Шынымды айтсам, білмеймін. Маған негізі күнделікті шаруа ұнайды. Клубта қызмет атқарсаң күн сайын ойыншыларыңның бабын білесің. Олармен күнде жаттығу жасайсың. Маған клубтағы жұмыс көбірек ұнайды", - дейді италиялық маман.

Еске салайық, Анчелотти 2021 жылдан бері "Реалдың" бас бапкері міндетін атқарып келеді. Ол оған дейін "Парма", "Ювентус", "Милан", "Челси", ПСЖ, "Бавария", "Наполи", "Эвертон" және басқа да ұжымдарды жаттықтырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: