Италия құрамасы Еуро-2020 турнирінің жеңімпазы атанды

сурет: reuters

Италия құрамасы Еуро-2020 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Финалда Роберто Манчини шәкірттері Англия құрамасынан басым түсті. "Уэмблидегі" кездесуде ағылшындар бірінші болып есеп ашқан. "Манчестер Юнайтед" ойыншысы 2-минутта құрама сапындағы алғашқы голының авторы атанды. "Скуадра Адзурра" болса тек матчтың екінші бөлігінде таразы басын теңестіруге шамасы жетті. 67-минутта Леонардо Бонуччи Пикфорд қақпасынан саңылау тапты.

Негізгі уақытта және экстра таймда басқа голдар соғылмағандықтан, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде бабы мен бағы қатар шапқан Италия ойыншылары өз тарихында екінші рет Еуропа чемпионы атағына қол жеткізді.

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар