Италия құрамасы әлем чемпионатында Тунистің орнын басуы ықтимал

©

Футболдан Италия құрамасы Тунистің орнына 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. Бұл туралы Le Parisien хабарлайды. 

Еске салайық, осыған дейін ФИФА Тунисті әлем чемпионатынан шеттетіп жіберуі мүмкін туралы ақпарат шыққан еді. Оған себеп Тунистің басшылары футболдың жұмысына араласып кеткені болған. Нақты айтсақ, мемлекеттің Жастар және спорт министрі Тунис футбол федерациясын тарқатып жіберу туралы мәлімдеме жасады. 

Егер осы жағдайға байланысты Тунис әлем чемпионатынан шеттелсе, оның орнын ФИФА рейтингінде ең жоғары орында тұрған Италия құрамасы басады дейді басылым. 

Айта кетейік, Тунис құрамасы Катардағы әлем чемпионатында Дания, Аустралия және Франциямен бір топта ойнайды. 

Ал әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар