Италия құрамасы ұлттық құрамалардың 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында өткен сырт алаңдағы жолдастық кездесуде Грекияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Грекияның Ираклион қаласындағы "Панкритио" стадионында өтіп, "скуадра адзурра" 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Эспозито матч тағдырын шешті
Ойындағы жалғыз гол бірінші таймда соғылды. 18-минутта Италия құрамасының шабуылшысы Франческо Эспозито өз мүмкіндігін мүлт жібермей пайдаланып, қонақтарды алға шығарды. Кездесудің қалған бөлігінде италиялықтар грек футболшыларының есепті теңестіруге бағытталған әрекеттеріне қарамастан, басымдықтарын сақтап қалды.
Италия матчты он ойыншымен аяқтады
Екінші таймда Италия құрамасының жағдайы қиындай түсті. 68-минутта қорғаушы Лука Реджани қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды.
Соған қарамастан, италиялықтар жеңіс есебін сақтап қалып, матчты өз пайдасына аяқтай білді.
⏱️ ????????? ??????
— Nazionale Italiana ⭐️⭐️⭐️⭐️ (@Azzurri) June 7, 2026
???? #GreciaItalia 0️⃣-1️⃣
18’ #Esposito #Nazionale #Azzurri #VivoAzzurro pic.twitter.com/ZjZx8URux3
Италия да, Грекия да АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама ала алмады.
Италия құрамасы мундиальға шығуға бір қадам жетпей тоқтады. Өтпелі матчтардың жартылай финалында олар Солтүстік Ирландияны 2:0 есебімен жеңгенімен, шешуші кездесуде Босния және Герцеговина құрамасына есе жіберді (1:1, пенальти сериясында – 1:4).
Ал Грекия құрамасы іріктеу кезеңінде өз тобында үшінші орын алып, жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды. Бұл топта Шотландия, Дания және Беларусь құрамалары да өнер көрсеткен болатын.
Соған қарамастан, гректер Еуропа футболы тарихындағы ең үлкен сенсациялардың бірінің авторы саналады. Олар 2004 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған еді.
Жарнама