Италия чемпионатындағы матч екі автоголмен тең аяқталды

20 желтоқсан 2021 13:08
©"Эмполи" ФК

"Специя" мен "Эмполи" Италияның А сериясындағы 18-турында тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

50-минутта алаң қонақтары сапынан Риккардо Маркицца өз қақпасына гол салып, есеп ашты. Осыдан кейін ол басқа ойыншыға алмастырылды. 21 минуттан кейін алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Димитриос Николау да автогол салды.

Осылайша, бұл ойында командалар ұпай жинай алмады. 

"Специя" 13 ұпаймен 17-орында келеді, ал "Эмполи" 27 баллмен оныншы орында. Турнир көшбасшысы "Интер" (43).

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport