Италия чемпионатына "алтын матч" енгізіледі

©

Келесі маусымнан бастап А сериясында "алтын матч" түсінігі енуі мүмкін. Бұл туралы Италия футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

"Алтын матч" бірінші екі команда турнир кестесінде бірдей ұпай жинаса өтеді. Егер "алтын матчтің" 90 минутында есеп тең болса, командалар бірден пенальти сериясына көшеді. 

Ойын кезінде бес рет ойыншы алмастыруға болады.

Еске салайық, "Милан" 2021/22 маусымында Италия чемпионы атанды. Жаңа маусым 13 тамызда басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport