Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Кабо-Вердені ұта алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
H тобы аясындағы кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы "Атланта Стэдиум" аренасында өтті. Матч алдында айқын фаворит саналған испаниялықтар қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.
Кездесудің басты қаһарманы Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья болды. Турнир дебютанттарының голкипері бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, өз командасын голдан құтқарып қалды.
Ойын барысында Испания құрамасы қарсылас қақпасына 27 рет соққы бағыттады. Оның жетеуі қақпа бағанасына дәл тиді. Ал Кабо-Верде футболшылары алты соққы жасап, соның біреуін ғана қақпаға бағыттады.
Нәтижесінде кездесуде есеп ашылмай, командалар 0:0 есебімен тең тарқасты. Бұл нәтиже Кабо-Верде құрамасы үшін үлкен жетістік саналады.
Осы топтағы екінші матчта Уругвай мен Сауд Арабиясы құрамалары кездеседі. Майами қаласында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. .
Испания құрамасы келесі матчын 21 маусым күні Сауд Арабиясына қарсы өткізді. Бұл кездесу де Атлантада болады.
Ал 27 маусымда "Қызыл фурия" Мексиканың Сапопан қаласында Уругвай құрамасымен күш сынасады.
Кабо-Верде құрамасы 22 маусымда Майамиде Уругваймен ойнайды. Ал 27 маусымда турнир дебютанттары АҚШ-тың Хьюстон қаласында Сауд Арабиясына қарсы алаңға шығады.
Жарнама