Испанияны ұтқан Франция Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды

©Footbal.ua

Футболдан Франция құрамасы Ұлттар лигасы финалында Испанияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Миланда өткен финалдық кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Карим Бензема (66-минут) және Килиан Мбаппе (80) гол салды. Ал Испания командасында Микель Оярсабаль (64-минут) көзге түсті.

Мұның алдында үшінші орын үшін Туринде өткен матчте Италия құрамасы Бельгияны ұтты - 2:1.

Осылайша, Франция бұл турнир тарихында екінші жеңімпаз болды. 2018/19 маусымында өткен ең бірінші турнирде Португалия жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар