2017-18 жылдары алматылық "Қайратты" жаттықтырған, ал қазіргі таңда Беларусь құрамасының бас бапкері, испаниялық маман Карлос Алос Феррер Қазақстан құрамасының нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
"Егер Беларусьті Қазақстанмен салыстырсаңыз үлкен айырмашылық бар деп айта алмаймын... Қараңыз олар іріктеуден өтуге аз қалды - ұпайлар бойынша бір қадам жетпей қалды. Олар Ұлттар лигасында топта ұтты, енді Грекиямен шешуші матч өткізеді. Қазақстан құрамасын ренжіткім келмейді. Мен Қазақстанда жұмыс істедім, өте құрметтеймін. Біз олардан бір бас жоғары тұрмыз дей алмаймын, кейінгі кезде нәтижелері өте мықты. Дегенмен ФИФА рейтингінде Беларусь 95-орында, ал Қазақстан 100-тұр", - дейді испаниялық бапкер "Беларусь 5" арнасындағы "На грани фола" бағдарламасында.