Испаниялық клуб "Қайрат" ойыншысын сапына қосты
©twitter.com/realbetisfs
Испаниялық "Бетис" Алматының "Қайрат" футзал клубы мен Венесуэла құрамасының қорғаушысы Карлос Санзбен келісімшартқа отырды, деп хабарлады Vesti.kz.
Испаниялық "Бетис" Алматының "Қайрат" футзал клубы мен Венесуэла құрамасының қорғаушысы Карлос Санзбен келісімшартқа отырды, деп хабарлады Vesti.kz.
Санз испаниялық клубқа жалға алу құқымен барады. Келісімшарт маусым соңына дейін есептелген.
Биылғы маусымда 26 жастағы футзалшы алматылық команда үшін сегіз матчке (1 гол) және Чемпиондар лигасында бес ойынға қатысты.
Айта кетейік, "Қайрат" ЧЛ-ден шығып қалды, осы себепті команда ойыншылар санын қысқартуды жөн көріп отыр.
Мұның алдында алматылықтар Әзірбайжан құрамасының шабуылшысы Вилеламен де қош айтысқан.
Жарнама