Ламин Ямаль мен Пау Кубарси ӘЧ-2026-ның 1/16 финалында Аустрияға қарсы матчтан кейін әлем чемпионаттарының тарихына енді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі футболшы да Испания құрамасының негізгі құрамында алаңға шығып, соңғы 68 жылда әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчты алғашқы минуттан бастаған алғашқы жасөспірімдер жұбы атанды.
Мұндай жағдай соңғы рет 1958 жылы тіркелген. Сол кезде Бразилия құрамасы Уэльске қарсы ширек финалдық кездесуде 20 жасқа толмаған Пеле мен Жозе Алтафиниді негізгі құрамға шығарған болатын.
Айта кетейік, Ямаль мен Кубарси үшін бұл кездесу рекордпен ғана емес, айқын жеңіспен де есте қалды. Испания құрамасы Аустрияны 3:0 есебімен ойсырата ұтып, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Енді испаниялықтар келесі кезеңде Португалия құрамасымен кездеседі. Матч АҚШ-тың Арлингтон қаласында 7 шілдеге қараған түні Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Бұл кездесудің жеңімпазы ширек финалда АҚШ пен Бельгия арасындағы жұптың жеңімпазымен күш сынасады.
2 - ?? Pau Cubarsí and Lamine Yamal are the first pair of teenagers to start a FIFA World Cup knockout match for a team for 68 years.
— OptaJoe (@OptaJoe) July 2, 2026
Pelé and Altafini in 1958 for ?? Brazil against ??????? Wales in the quarter-final were the last to do so.
Advanced. pic.twitter.com/UcwqZ1HHcE
Жарнама