Испания корольдік футбол федерациясы (RFEF) ұлттық құраманың бас бапкері Луис де ла Фуэнтемен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
RFEF президенті Рафаэль Лусан қазіргі бапкер дәл осы құраманы 2030 жылы өтетін өз алаңындағы әлем чемпионатына дайындауы тиіс деп есептейді.
Оның айтуынша, жаңа келісімшарт тек ұзартылып қана қоймай, Луис де ла Фуэнтенің еңбегіне сай қаржылық талаптары да жақсартылады.
"Луис де ла Фуэнте бізбен ұзақ уақыт бірге болады деп айтуға болады. Оның алдыңғы келісімшартын ұзартумен де өзім айналыстым. Ол кезде маңызды, қажетті әрі әділ келісім жасау бақыты бұйырды.
Ендігі мақсатымыз – мүмкіндік болса, келісімшарт талаптарын жақсартып, ынтымақтастығымызды жалғастыру. Луистің сол кезде ортақ мәмілеге келуге көмектескенін мақтан тұтамын. 2030 жылы бізді тарихи оқиға күтіп тұр және Луистің соның бір бөлігі болғанын қалаймыз", – деп береді Лусанның сөзін AS басылымы.
65 жастағы Луис де ла Фуэнтенің жетекшілігімен Испания құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатын және жуырда өткен 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды. ӘЧ-2026 финалында испаниялықтар қосымша уақытта Аргентина құрамасын 1:0 есебімен ұтып кетті.
Маманның қазіргі келісімшарты Еуро-2028 турнирі аяқталғанға дейін жарамды. Енді оны 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін ұзарту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2030 жылғы әлем чемпионаты Испания, Марокко, Португалия, Парагвай, Уругвай және Аргентинада өтеді.
Жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер алдағы айларда басталады.
⭐⭐ WE DID IT.
— Spanish Football (@SpainIsFootball) July 19, 2026
World Champions.
Twice.
Forever part of football history.
❤️??#VamosEspaña | #FIFAWorldCup pic.twitter.com/XbMDYqdxXx
Жарнама