Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Леандро Паредеске көрсетілген қызыл қағаздың күшін жойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, финалдық ысқырықтан кейін алаңда жаппай жанжал шыққан болатын. Аргентина қорғаушысы Науэль Молина жүгіріп бара жатқан Испания құрамасының капитаны Родриді кеуде тұсынан қолымен итеріп жіберген. Осыдан кейін футболшылар ерегесіп қалды, оған басқа футболшылар, соның ішінде Паредес те араласты.
Алдымен аргентиналық жартылай қорғаушы Испания қорғаушысы Эрик Гарсияны мойнынан ұстап, кейін командаласын қорғауға келген Гавиге де шабуыл жасаған. Осы әрекеттері үшін бас төреші Паредеске тікелей қызыл қағаз көрсеткен еді.
Алайда BBC Sport журналисі Дейл Джонсонның мәліметінше, ФИФА бұл шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған. Дереккөздің хабарлауынша, аргентиналық футболшыға қатысты ешқандай тәртіптік жаза қолданылмайды.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен ұтып, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.