Испания мен тағы екі команда Еуро-2024 жарысына іріктелді

©globallookpress.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына тағы үш құрама өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еуроның финалдық кезеңіне Испания, Шотландия (А тобы) және Туркия (D тобы) өтті.

Испания сырт алаңда Норвегияны ұтты - 1:0 (голды 49-минутта Гави салды) осылайша, Еуроға жолдамаға кепілді түрде жетіп отыр. Шотландияға қатысты да солай, үшінші келе жатқан Норвегияның оны қуып жетуге еш мүмкіндігі жоқ.

Туркия өз алаңында Латвияны ұтты - 4:0 (Юнус Акгюн 58-минут, Джек Тосун 83 және 90+2, Керем Актюркоглу 87). 

Мұның алдында бұл турнирге Португалия, Франция және Бельгия іріктелген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport