Испания мен Коста-Рика матчінің бейнешолуы

©AFP

Әлем чемпионатының астанасы Қатардағы доп додасында ең ірі есеп тіркелді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Доханың "Әл-Тумама" стадионында өткен ойында Испания құрамасы Коста-Рика командасын 7:0 есебімен ұтты. Осыған дейін 2022 жылғы турнирде Англия мен Иран арасындағы кездесуде 6:2 есебі тіркелген еді. Енді осы жеңісінен кейін луис Энрике шәкірттері Е тобында 3 ұпаймен көш бастады. Германияны ұтқан (1:2) Жапония командасы да 3 ұпаймен екінші орынға жайғасты. 

Төменде "Қызыл Фурияның" соққан голдары. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport