Испания мен Хорватия арасындағы Ұлттар лигасының жеңімпазы пенальтиде анықталды

©"Чемпионат"

Футболдан Испания құрамасы Хорватияны ұтып, Ұлттыр лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Роттердамда өткен финалдық ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады - 0:0. Ал пенальти сериясында испаниялықтар басым түсті - 5:4. Хорватиялықтар сапынан Ловро Майер мен Бруно Петкович мүлт кетті, испаниялықтардан Эмерик Ляпорт.

Үшінші орын үшін матчте Нидерланды құрамасы Италиядан ұтылды. 

Бұл Ұлттар лигасының үшінші турнирі, Испания алғаш рет жеңімпаз атанып отыр. Мұның алдындағы жеңімпаздар Португалия және Франция болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport