Испания мен Германия бапкерлері финалда кездесетінін айтты

©AS

Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике Германияның жаттықтырушысы Ханс-Дитер Фликпен финалда кездесетіндігі туралы келісімге келгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ол бапкер ретінде маған қатты ұнайды. Ол өте талантты маман. Фликті құрамасының ойыншылары құрметтейді екен. Біз финалда кездесеміз деп бір-бірімізге уәде бердік. Бұл турнирде тек финалда ғана кездесуге мүмкіндік бар. 18 желтоқсанда жолығамыз деп қол алыстық", - деді Энрике.

Еске салайық, Е тобында екінші турда Испания мен Германия кездесіп, тартысты матч 1:1 есебімен аяқталды. Әзірге Испанияның еншісінде 4 ұпай, Жапония мен Коста-Рикада 3 және Германияның қоржынында 1 ұпай бар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар