Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама үшін Аустрия командасымен ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/16 финалдық кездесу АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Инглвудта өтіп, 3:0 есебімен испаниялықтардың пайдасына аяқталды.
Луис де ла Фуэнте шәкірттері есепті 36-минутта ашты. Марк Кукурельяның нәтижелі пасынан кейін Микель Оярсабаль мергендігімен көзге түсті.
Екінші таймда испаниялықтар басымдығын арттыра түсті. 66-минутта Педро Порро дәл соққымен есепті 2:0-ге жеткізсе, нәтижелі пасты Алехандро Баэна өз еншісіне жазды. Ал 89-минутта Оярсабаль дубль авторы атанды. Бұл жолы да оған пасты Кукурелья берді.
Ширек финал жолдамасы үшін Испания командасы енді Португалия мен Хорватия құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.