| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:31
 

Испания құрамасы Мессиді жүлдесіз қалдырды

  Пікірлер

blog.share

Испания құрамасы Мессиді жүлдесіз қалдырды ©actionsports/depositphotos.com

Испания құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Испания құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алтын жүлде сарапқа салынған финалдық кездесу АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы MetLife Stadium стадионында өтті. Әлем чемпионатының финалында испаниялықтар Аргентина құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың негізгі уақыты голсыз тең аяқталғандықтан, жеңімпаз қосымша екі таймда анықталды.

Кездесудің шешуші сәті 106-минутта туды. Ферран Торрес қарсылас қақпасын дәл көздеп, Испанияға жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы атанды.

Ал екінші қосымша таймға қосылған уақытта Аргентина құрамасы Энцо Фернандестің алаңнан қуылуына байланысты бір ойыншысынан айырылып, матчтың соңғы минуттарын он футболшымен өткізуге мәжбүр болды.

Аргентина капитаны Лионель Месси кездесуді негізгі құрамда бастағанымен, турнирдің шешуші матчында нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Осылайша, Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, 2010 жылдан кейін қайтадан чемпион атанып отыр. Ал 2022 жылғы мундиальдың жеңімпазы Аргентина өз титулын қорғай алмай, бұл жолы күміс жүлдені қанағат тұтты.


Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының қола жүлдесін Англия құрамасы иеленген еді. Томас Тухель шәкірттері үшінші орын үшін өткен матчта Францияны 6:4 есебімен ұтты.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!