Испания құрамасы әлем чемпионттарындағы рекордын жаңартты

©sportmaps

Испания мен Германия құрамалары Қатардағы әлем чемпионатының екінші турында кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Е тобының аясында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, "қызыл фурия" аталмыш мундиальда сегізінші голын салды. Осыған дейін испаниялықтар Коста-Рика қақпасына жеті гол соққан еді. Бір қызығы, "пиренейліктер" осыған дейінгі әлем чемпионаттарында 8 гол салмаған еді. Тіпті әлем кубогін иеленген 2010 жылы Оңтүстік Африкадағы футбол тойында 7 гол салған болатын.

Енді турнирдің үшінші турында Жапония мен Испания және Коста-Рика мен Германия командалары кездеседі. Ойындар желтоқсан айының 1 жұлдызына жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport