Испания құрамасы ӘЧ-ден шығып қалғаннан кейін бапкерін ауыстырмақ - БАҚ

7 желтоқсан 2022 12:23
©vprognoz

Испания құрамасы Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мароккодан ұтылғаннан кейін жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Испания есеп ашылмаған матчтен кейінгі пенальтиде есе жіберді.

Onda Sero ақпаратынша, испаниялықтардың бапкері Луис Энрике қызметінен кететінге ұқсайды. Ал оның орнына өзге испаниялық маман Роберто Мартинес келуі ықтимал. Өз кезегінде Мартинес Белгия құрамасын топтан шығара алмаған болатын. 

Еске салайық, ширек финалда Марокко құрамасы Португалиямен ойнайды. Матч 10 желтоқсанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар