| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:26
 
Испания қақпашысы әлем чемпонаттарының тарихи рекордын орнатты

  Пікірлер

blog.share

Испания қақпашысы әлем чемпонаттарының тарихи рекордын орнатты ©depositphotos/mrogowski_photography

Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон әлем чемпионаттары тарихындағы қақпасына мүлде гол жібермеген ең ұзақ серияның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz FIFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Тарихи жетістікке қақпашы ӘЧ-2026-ның1/16 финалында Аустрияға қарсы өткен кездесуде қол жеткізді. Испания 3:0 есебімен жеңіске жетіп, Симон тағы бір мәрте өз қақпасына гол жіберген жоқ.

Осылайша, испаниялық голкипердің гол жібермеген сериясы 519 минутқа жетіп, әлем чемпионаттарының жаңа рекорды тіркелді.

Бұған дейінгі рекорд 1990 жылғы әлем чемпионатында орнатылған болатын. Ол Италия құрамасының қақпашысы Вальтер Дзенгаға тиесілі еді. Аңыз қақпашы өз қақпасын 517 минут бойы голдан аман сақтаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!