Испания футбол федерациясы Дани Алвеске қатысты шешім шығарды

©Барселона ФК

Испанияның футбол федерациясы "Барселона" қорғаушысы Дани Алвесті екі ойынға шеттеді.  Бұл туралы Sport.es сайты хабарлап отыр.

23-турда "Барселона" мен "Атлетико" матчында бразилиялық қорғаушы Янник Карраскоға дөрекі ойнағаны үшін жазаланғанын айта кеткен жөн. Футбол федерациясы бұл шешімді қорғаушының қарсыласын саналы түрде шалғанымен байланыстырып отыр.

Осылайша, Алвес алдағы уақытта "Эспаньол" (13 ақпан) мен "Валенсия" (20 ақпан) клубтарына қарсы ойында алаңға шықпайды.

Еске салайық, Дани Алвес өткен жылдың қараша айында "Барселонаға" еркін агент ретінде ауысты. Бір қызығы, футболшының бір жылдық табысы 155000 еуроны құрайды. Алвес 2008-2016 жылдары каталондықтар сапында 23 трофей ұтып алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport