Бүгін, 11 шілдеге қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында екінші ширек финалдық матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кездесуде Испания құрамасы Бельгиямен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ойын АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен ұтқан Франция құрамасымен жартылай финалда кездеседі.
Испания құрамасы плей-офф кезеңінде алдымен Аустрияны 3:0 есебімен, кейін 1/8 финалда Португалияны 1:0 есебімен ұтты.
Ал Бельгия құрамасы алдымен Сенегалды, кейін 1/8 финалда АҚШ құрамасын 4:1 есебімен ойсырата ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусымнан бері АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.