| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:33
 

Испания Бельгияға қарсы: ӘЧ-2026 1/4 финалының екінші күн кестесі

  Пікірлер

blog.share

Испания Бельгияға қарсы: ӘЧ-2026 1/4 финалының екінші күн кестесі ©instagram.com/sefutbol

Бүгін, 11 шілдеге қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында екінші ширек финалдық матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 11 шілдеге қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында екінші ширек финалдық матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесуде Испания құрамасы Бельгиямен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ойын АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен ұтқан Франция құрамасымен жартылай финалда кездеседі.

Испания құрамасы плей-офф кезеңінде алдымен Аустрияны 3:0 есебімен, кейін 1/8 финалда Португалияны 1:0 есебімен ұтты.

Ал Бельгия құрамасы алдымен Сенегалды, кейін 1/8 финалда АҚШ құрамасын 4:1 есебімен ойсырата ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусымнан бері АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!