Испания әлем чемпионатында фоварит емес пе? "Барселонаның" бас бапкері ойын айтты

©instagram.com/xavi

"Барселонаның" бас бапкері Хави Испания құрамасының Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының фовариттер қатарына қоспады. Оның айтуынша, биыл Аргентина не Бразилия құрамасы топ жаруы керек. 

"Әлем чемпионатының фовариті кім дейсіз бе? Менің ойымша, Бразилия мен Аргентина еуропалық командалардан мықты. Неймар мен Месси бабында. Франция, Испания, Португалия, Англия, Германия, Бельгия және Хорватия құрамаларының мүмкіндіктері жоғары. Испанияға келетін болсақ. Әрине, біздің құрамада да мүмкіндік бар. Луис Энрике жақсы құрама жасақтады. Ол мықты бапкер. Испанияға сеніммен қараймын", - деді Хави Sport.es порталына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Испания құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында Е тобында Германия, Жапония және Коста-Рика құрамаларымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар