Футбол
11 наурыз 2021 14:22

Исландия құрамасының экс шабуылшысы Қазақстан чемпионатына келуі мүмкін

Арни Вильхьяльмссон. Сурет: "Колос" ФК

Исландиялық форвард Арни Вильхьяльмссон Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Tribuna.com порталы Fotbolti.net сайтына сілтеме жасап хабарлады.

26 жастағы легионер 2021 жылдың басында ресейлік "Крылья Советов" клубымен келіссөздер жүргізген, алайда, келісімшартқа отырмады.

Енді ол исландиялық "Брейдаблик" клубына барады немесе Қазақстанға келуі мүмккін.

Вильхьяльмссон карьерасын "Брейдабликте" бастап, 97 матчте 39 гол салған және бір ассист жасаған. Сонымен қоса, отынында ол "Хаукар" мен "Лиллестрем" сапында ойнады. Одан бөлек шабуылшы шведциялық "Йончепинг", польшалық "Термалик", украиналық "Черноморец" пен "Колос" командаларында өнер көрсетті.

2017 жылы Исландия құрамасы үшін Мексикаға қарсы (0:1) бір матчке қатысты.

Transfermarkt футболшыны 500 мың еуроға бағалап отыр.