Исламханның Чемпиондар лигасындағы клубқа трансфері үзіліп кетті

31 желтоқсан 2019 09:51
© "Қайрат" ФК
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Исламхан мәскеулік "Локомотив" сапына өте алмайтын сияқты, - деп жазады "Спорт-Экспресс". 

Ақпарат бойынша, Исламханнның алматылық клубпен келісімшарты 2019 жылы 31 желтоқсанда аяқталатынына қарамастан "теміржолшылар" мен "Қайрат" келісім таба алмаған.

Оның үстіне, алматылық клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Исламхан және Исламбек Қуат "Қайраттан" еркін агент ретінде кеткенін мәлімдеген болатын. 

Дегенмен тараптар, келіссөзді Жаңа жылдан кейін жалғастыруы мүмкін.