Исламхан нәтижелі пастармен клубының БАӘ чемпионатындағы жеңісіне көмектесті

© "Аль-Айн" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" клубына БАӘ чемпионатында "Хатта" командасын ұтуға көмектесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хатта қаласында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. 50 және 69-шы минуттағы екі голалаңға негізгі құраммен шыққан  Исламханың ассистімен салынды. Алаң иелері қақпасына үшінші доп матч аяқталарға екі минут қалғанда кірді. 

Арабиялық клуб сапында Исламхан чемпионатта жалпы төрт ойын, бір матч БАЭ президенті кубогында және АФК Чемпиондар лигасында екі ойын өткізді. Дегенмен қазақстандық футболшы әлі гол салып, көзге түскен жоқ.