Исламхан "Қайратқа" қосылуға қатысты ойын білдірді

©"Қайрат" ФК

Қазақстан құрамасының экс капитаны Бауыржан Исламхан Nursultan Qurman YouTube-арнасына берген сұхбатында "Қайрат" клубына келуіне қатысты ойын білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

- Егер "Қайраттан" ұсыныс түсіп жатса келісесің бе?

- Егер Құрбан Бекиұлы мені командада көргісі келсе әрине келісемін.

- Төмен айлыққа да келісесің бе?

- Мен үшін бірінші кезекте ойын тәжірибесі маңызды. Ең бастысы формама келуім керек.

Еске салайық, Бауыржан Исламхан допинг дауына байланысты футболдан екі жылға шеттетілген еді. Ол соңғы рет алаңға 2020 жылдың қараша айында шықты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport