Исламхан Чемпиондар лигасының жеңімпазымен алаңда бірге ойнайды

©instagram/alainfcae

Қазақстан құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан Чемпиондар лигасының жеңімпазымен алаңда бірге ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Super Bol жобасының аясында Исламхан қайырымдылық матчында ойнайды.

7 тамыз күні Алматының "Орталық" стадионында Super Bol мен жұлдызды ойыншылардан жиналған командалар арасында жолдастық матч өтеді. Жұлдызды команданың сапында Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория, жартылай қорғаушы Самат Смақов, "Интер" сапында Чемпиондар лигасының жеңімпазы аргентиналық Эстебан Камбьяссо және Бауыржан Исламхан сынды танымал ойыншылар бар.

Еске салайық, Бауыржан Исламхан 2020 жылдың 16 қыркүйегінде Азия ЧЛ аясында "Әл-Айн" мен "Әл-Садд" арасындағы ойыннан кейін допинг сынамасын тапсырып, ол оң нәтижесін көрсетті. Соның салдарынан еліміздің маңдай алды жартылай қорғаушысы кәсіпқой футболдан екі жылға шеттетілді. Биыл күзде Исламханның дисквалификациясы аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар