Исламхан "Әл-Айн" үшін бірінші голы командаға БАӘ президенті кубогының финалына шығуға септесті

© "Аль-Айн" ФК
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Әл-Айн" сапында алғашқы голын соғып, командасына БАӘ Президенті кубогының финалына шығуға көмектесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда Исламханның командасы сырт алаңда "Әл-Шаржаны" 3:2 есебімен жеңді. 4-минутта венгр Балаш Джуджак "Әл-Айнды" алға шығарған, Исламхан 32-минутында алыстан әдемі гол соқты. Ал 38-минутта "Әл-Айн" сапынан Кайо Корреа көзге түсті. "Әл-Шаржа" сапынан 12-минутта Маркус Мелони, 42-минутта Лукас Кайо гол соқты.



Бұл матчта Исламхан 93 минут ойнап, қосымша уақытта алмасты.

Енді "Әл-Айнның" финалдағы қарсыласы "Әл-Дафра" болады.