Исламхан "Аль-Айн" үшін алғашқы матчінде пас беру дәлдігінде үздіктердің бірі болды

© "Аль-Айн" ФК
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" үшін ойнаған алғашқы матчінде пас беру дәлдігі бойынша командадағы үздіктердің бірі боды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

БАӘ чемпионатындағы "Аль-Васлаға" қарсы ойында Исламхан пастарының 91,3 пайызы тура болды (23-тен 21). Қазақстандық футболшыдан бұл көрсеткіш бойынша Омар Ясин (100 пйыз) мен Яхия Надер (93,2) дәлірек болды. Біріншісі алаңға 86-шы минутта шығып, төрт пас берді, ал Надер 90 минут толық ойнап, 59-дан 55 пасты дәл шығарды. 

Бұл ойында "Аль-Айн" 5:0 есебімен ұтқан еді, ал 71-ші минутта алаңға шыққан Исламхан 92-ші минутта ассист жасады.

Еске салайық, Исламханның "Аль-Айн" сапына өткені 31 қаңтарда белгілі болған. Арабяиылқ клубқа келмес бұрын Бауыржан ресейлік "Зениттің" Катардағы жиынында екі бақылау матчіне қатысқан.


Жаңалықтар