Исламбек Қуаттың "Астана" командасындағы болашағына байланысты нақты ақпарат шықты

26 қыркүйек 2022 18:11
©"Астана" ФК

Григорий Бабаян бастаған "Астана" командасының жаңа бапкерлер құрамы жартылай қорғаушы Исламбек Қуаттың болашағына байланысты нақты шешім шығарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Астана" командасының бұған дейінгі бас бапкері Срджан Благоевич Қуатты негізгі командадан шеттетіп жіберген еді. 

Енді Қазақстан құрамасының вице-капитаны негізгі құрамға қайта оралды. Қуат ҚПЛ-дағы "Тұранға" қарсы өтетін ойынға қатсатын футболшылар тізімінде болады. 

Еске салайық, жартылай қорғаушы биыл сәуір айынан бері "Астана" командасының дубліне жіберілді. "Ақжайық" командасымен болған кездесуден кейін Қуат франциялық легионер Жереми Монзоромен ерегісіп қалды. Содан кейін Срджан Благоевич оны шеттеткен еді. 

Осылайша, Қуат "Астана" командасының негізгі құрамында бес ай ойнамады. Бірақ соған қарамастан ол Қазақстан құрамасына тұрақты шақырту алып отырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport